Бүгін Аманкелді-Үрпек жолының арнайы ашылған учаскелері толық қалпына келтіріліп, көлік қозғалысы қайта жанданды.
Еске сала кетейік, жергілікті атқарушы органдардың шешімімен бұл жол учаскесінде су ағатын арналар жасау үшін жол қабаты арнайы ашылған болатын.
Жолды қалпына келтіру жұмыстарын «АлюминСтрой» ЖШС жүзеге асырды.
Жұмыстарға 9 самосвал, 1 экскаватор және 1 жүк тиегіш техника жұмылдырылып, шамамен 300 текше метр тас пен 500 текше метр құм пайдаланылды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында тиісті жол белгілері орнатылды.