Амангелділіктер тазалық бағдарламасына атсалысты

Амангелділіктер тазалық бағдарламасына атсалысты

Бүгін, 11 қазан күні, еліміз бойынша өткен «Таза Қазақстан» жалпыреспубликалық экологиялық акциясы аясында Амангелді ауданында кең көлемді санитарлық тазалау және көгалдандыру жұмыстары ұйымдастырылды.

Акцияға 150 адам қатысып, аудан орталығы мен ауылдық округтер аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында 300 түп ағаш отырғызылып, көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды, жасыл желек аймақтары кеңейтілді.

«Бұл игі бастама — табиғатты аялау мен экологиялық мәдениетті арттырудың жарқын үлгісі. Амангелді ауданында тазалық пен тәртіп – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз!»– дейді аудан өкілдері.