Амангелділік ұстаз республикалық байқауда жүлдегер атанды

Амангелділік ұстаз республикалық байқауда жүлдегер атанды

Елордада өткен «Oi-Sandyq» оқу және математикалық сауаттылық бойынша мұғалімдерге арналған зияткерлік байқауында Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Ерқанат Кәрімов  жоғары нәтиже көрсетіп, жұптық жарыста жүлделі ІІ орынды иеленді.

Бұл білім додасы қазақ тілі мен әдебиеті, сондай-ақ математика пәні ұстаздарының кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған.

Аталған байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік педагогтер өзара бақ сынасты. Бұл – ұстаз еңбегінің ғана емес, білім ордасының да абыройын асқақтататын зор жетістік.

«Oi-Sandyq» байқауы мұғалімдердің білім деңгейін арттырумен қатар, заманауи оқыту әдістерін тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Осындай сайыстар педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, тәжірибе алмасуына жол ашады.

Бұл жетістік – табандылық пен ізденістің нәтижесі. Алдағы уақытта да ұстаздарымыз биік белестерді бағындыра беретініне сенім мол.

Ақбаян Теміржанова,

Амангелді ауданы