Амангелдіде балғындар күш сынасты

Амангелдіде балғындар күш сынасты

Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай «Ер Төстік – 2026» жасөспірімдер сайысы жақсы деңгейде ұйымдастырылып, көрген адамға ерекше әсер қалдырды.

Сайыс барысында қатысушылар өздерін таныстырып, болашаққа деген жоспарларын айтты. Күш сынасқан кезеңде де осал емес екендерін көрсетті.

Ал білім сайысында салт-дәстүр, тарихтан жақсы дайындықпен келгені байқалды. Ұлттық киімді заманауи үлгіде көрсету де әдемі шықты

Жалпы сайыс тартысты өтті. Соңында Ақсай ауылының баласы Батырбек Балтабай жеңімпаз атанды

blank blank blank blank

Осындай іс-шаралар көбейіп, жастарымыз осылай шыңдалып, биіктерден көріне бергей!

 

Ақбаян Теміржанова,

Амангелді ауданы