Аманкелдіде балғындар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан сайысқа түсті

Аманкелдіде балғындар «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан сайысқа түсті

Байқауға жалпы білім беретін және негізгі орта мектептен 41 оқушы бақ сынап, «Алпамыс батыр» жырын жатқа айтты.

Байқау қызықты әрі тартысты өтті. Әр жас жыршының жыршылық мақамы, шығармашылық дағдысы мен жырды жатқа айту шеберлігі сарапқа салынды.

Қазылар алқасы қатысушылардың тек орындаушылық қабілетін ғана емес, сонымен қатар жырдағы басты кейіпкерлердің болмысын ашуын, тартысты оқиғалардың мән-жайын түсінуін де жіті қадағалады.

Әсіресе, жыр мәтінінде кездесетін жер-су атауларының тарихы, көнерген сөздер мен архаизмдердің мағынасына қатысты қойылған сұрақтар қатысушылардың білім көкжиегін байқатты.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Қазылар алқасы үміткерлердің сахна мәдениетін, дауыс ырғағының жыр сарынымен үйлесуін және ұлттық аспапта ойнау шеберлігін негізге ала отырып, әділ бағаларын берді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар Амангелді ауданы білім бөлімінің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтарына ие болды.

 

Б. Қолдасбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Еркежан Ғазезқызы бас жүлдені жеңіп алды.

Ақбаян Теміржанова,

Амангелді ауданы