Арқалықта қалалық спартакиада басталды

Арқалықта қалалық спартакиада басталды

Биылғы спартакиада қаланың 70 жылдығына арналып отыр.

Спартакиаданың салтанатты ашылуында қала мекемелерінен құралған командалар сап түзеп, еліміздің асқақ Әнұраны орындалды.

Спортшыларды қала әкімінің орынбасары Мешітбай Қайыржанұлы мен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Ғапсалықұлы құттықтап, дүбірлі додада ынтымақ пен береке орнын тауып, шебер ойыншылардың бақтары жануын тіледі.

blank

Жарыстың бас төрешісі Қайыржан Маратұлы спартакиаданың өту тәртібімен таныстырды.

Қала мекемелері арасындағы жарысқа 10 мекеме спорттың 10 түрінен мықтыларын анықтайды. Атап айтқанда: шағын футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, шахмат, қол күресі, гір спорты, арқан тартыс, жүзу және дартстан сайысқа түседі.

Спортшылар сапының көшбасында өткен жылғы қалалық спартакиаданың жеңімпазы қала әкімдігінің командасы, сондай-ақ екінші, үшінші орын иегерлері №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, №41 мекеме командаларын көруге болады.

blank

«Еңбек ұжымдары арасындағы қала мекемелерінің спартакиадасы 26 сәуірге дейін жалғасады. Спартакиада жарыстары Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты спорт нысандарында және қалалық білім беру мекемелерінде өткізіледі. Спортшылардың спартакиада бағдарламасындағы барлық спорт түрлеріне қатысуына рұқсат етіледі», – дейді бас төреші, қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің әдіскері Қайыржан Маратұлы.

Алғашқы кезекте командалар арасында үстел теннисі, шахмат, дартс, футбол ойындары басталып кетті.

blankblank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Ойын жанкүйерлердің қаумалауымен тартысты, әрі қызықты өтуде.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

                                                                                                        Арқалық қаласы