Арқалық университеті түлектеріне жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды

Арқалық университеті түлектеріне жұмыс жәрмеңкесін ұйымдастырды

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінде түлектерге арналған жұмыс жәрмеңкесі есігін айқара ашты.

Жыл сайын жүздеген шәкіртті қанаттандырып, мамандардың ұстаханасына айналып отырған іргелі ұжым биыл да өз түлектері үшін жұмыс орындарын нақтылаудың мүмкіндігін туғызды.

Бұл білім ордасының өңірді ұстаз деген ұлағатты мамандық иелерімен қамтып отырғаны баршаға белгілі.

blank

«Қазіргі таңда заман талабына сай апгрейд және мансаптық қолдау қызметін ашып жатырмыз. Ол деген сөз – өңірдегі кадрдың дұрыс бөлінісі, кадрды дұрыс жоспарлау деген сияқты мәселелерге қолдау көрсету. Кадрды оқу бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыру ғана емес, үшінші-төртінші курстардың студенттеріне жұмысқа орналаспай тұрып қолдау көрсету. Қалай жұмысқа орналасу керек? Қалай өзін ұстау керек? Міне, осындай жас маманға толық қолдау көрсетіледі. Қолдау біздің өз күшімізбен ғана емес, қаланың жұмыс беруші мектеп өкілдерімен, білім бөлімімен тікелей қарым-қатынаста, тығыз байланыста жұмыс жасау деп алсақ, соның бір көрінісі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі. Бұл жыл сайын университетімізде тұрақты түрде өткізіліп жүрген іс-шаралардың бірі. Алайда, биыл университет мәртебесін алғаннан кейін оның форматын, ауқымын ауыстырып, ұлғайтып жатырмыз», – дейді Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің академиалық мәселелер бойынша проректоры Жайнагүл Дүйсебекова.

Бұрынғыдай бір мәжіліс залында кездесумен шектелмей, әр факультет кезек-кезегімен, өздерінің түйіндемелерімен келіп, жұмыс берушілермен тікелей сұхбаттасып, сұрақтарын қойып, еркін форматта, диалог алаңы ретінде ұйымдастыруға бекінген.

Университеттің бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 40 – қа жуық мекеме және 200-ден астам студент қатысты.

blank blank blank blank blank blank blank

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank Жұмыс ұсынушылардың ішінде әдеттегідей көршілес облыстардан да өкілдер келіп атсалысты.

Берік Ақышбеков,

Ұлытау облысы, Сәтпаев қалалық білім бөлімінің басшысы:

blank

«Көршілес жатқан өңірлер болғандықтан қажетті мәселелерімізді де бірігіп шешуге мүмкіндік бар. Бізге мұғалім кадрлары керек. Сондықтан, Арқалық университетіне келіп, қаламыздың әкімшілік басқару органы арқылы берілетін мүмкіндіктерді айтып, түсіндіріп жатырмыз. Жылда келіп оқу бітірген түлектерді жұмысқа тартамыз. Әсіресе, Жезқазған қаласынан осы оқу ордасының түлектерін көптеп кезіктіруге болады. Бізде осы білімнің қарашаңырағынан шыққан мықты-мықты мұғалімдер, мектеп басшылары бар. Бұл жердің түлектері келсе нұр үстіне нұр деп, қуана қарсы аламыз.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                            Арқалық қаласы