28 июня, 2025
Алтынсарин ауданының 40 жылдығына арналған мерекелік шараға шақырамыз!

Алтынсарин ауданының 40 жылдығына арналған мерекелік шараға шақырамыз!

Құрметті достар, Алтынсарин ауданы 40 жылдығын атап өтуде, осы ұлы оқиғаға орай ұйымдастырылатын мерекелік шараға баршаңызды шақырамыз!
21 маусым күні бұл ерекше басқосуда біздермен бірге болып, аудан мерейтойын ерекше әрі есте қаларлық етіп өткізейік. Алтынсарин ауданы – бірлік пен дәстүрлердің мекені екенін дәріптейік.

  Таңертеңнен спорттық шаралар бастау алғалы тұр. Саламатты өмір салты сүйетіндер үшін ол тамаша мүмкіндік. Балаларға арналған көңілді ойын-сауық бағдарламасы кішкентай қонақтар үшін ерекше қуаныш сыйлайды.

Кешкі 18:00- ден бастап ұлттық тағамдармен этно-қалашық ашылады. Дәстүрлі дәмдерді татып, қазақтың бай мәдениетімен танысасыздар. 20:00 — де салтанатты концертте сіздерді ұланғайыр таланттар — «Ұланғасыр» және «Килиманджаро» топтарының өнер көрсетуі күтеді!

Бұл концертте Сарыкөл ауданының таланттары, Қостанай ауданының өнерпаздары, Алтынсарин ауданының өнер шеберлерінің сіздерге арналған тосынсыйы күтіп тұр.