Алтынсарин ауданынан әкімдер сайлауына үш кандидат ұсынылды

Алтынсарин ауданынан әкімдер сайлауына үш кандидат ұсынылды

Бұл туралы аудан әкімдігінің ресми сайтында хабарланды. Бірнші кандидат Сартов Арнур Маратович.  1987 жылы дүниеге келген.  Бүгінде аудан әкімі қызметін атқарады. Алғашқы канддат «AMANAT» партиясының атынан ұсынылып отыр.

Келесі кандидат Сейдахметов Булат Касымжанович. 1965 жылы туған. Бүгінде «Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқарамасы» ММ басшысының орынбасары. Үшінші кандидат  Уразбаев Гайсар Адилханович. 1978 туған. «Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары. Соңғы екі кандидат өздерін-өздері ұсынған.

Жаңалықтармен бөлісу