«Асық ойыны – үлкен халықтық тәрбие. Біздің ұлтымыздың дәстүрлері мен мәдениетінің бастауы» деп Б.Момышұлы атамыз айтқандай, қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі, төл өнері. Баланың жастайынан ой-қабілетін шыңдап, дәлдікке, ептілікке, ширақтылыққа, ұстамдылыққа, алғырлыққа, сыйлыстыққа тәрбиелеген ұлттық спортымыздың бір түрі. Асық ойыны – қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойыны. Халқымыз асықты қастерлеген. Өйткені әрбір көшпенді өмір сүрген халықтың өмір салты, әдет-ғұрпы төрт түлік малға мейлінше байланысты. Осыған байланысты қаншама атау, ұғым-түсінік, таным мен пайым пайда болды. Қазақтың мақал-мәтелі де, аталы сөзі де асыққа байланысты құрылып, күнделікті байланысқа түсті. Одан өрбитін сөз де, мақал-мәтел де жеткілікті. Мысалы, қазақта «Асығың алшысынан түссін» деген ізгі тілек бар.Ол сәті түсіп, жол болып тұрғандығын білдіреді. Сондай-ақ халықтың «Қой асығы демеңіз, қолға жақса сақа тұт, жасы кіші демеңіз, ақылы асса аға тұт» дегеніне түсінген адамға астарында үлкен мән жатыр.
Мектебімізде бастауыш сыныптар аралығында ер балалар арасында асық ойыны ұйымдастырылды. Қыз балалар арасында бес асық ойыны ұйымдастырылды. Асық ойыны арқылы оқушылардың ұлттық дәстүрімізді жаңғырту басты мақсатымыз болып табылады.
«Асық қазақ халқының ұлттық ойыны» тақырыптарында сынып жететкшілер сынып сағаттарын өткізді. Сынып сағаты барысында оқушыларға ұлттық өнерімізді, ұлттық ойынымызды түсіндіру, сынып сағаты барысында жеткізу, асық ойыны арқылы көрсете білді. Қазіргі уақытта заман талабына сай ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту мақсатында мектебімізде асық ойынын жаңғырту мақсатында «Алтын сақа» интеллектуальды ойыны өткізілді. Жалпы қазақ халқының ұлттық ойыны шапшаңдыққа, мидың қозғалысына арналған сол себепті бұл ойынның да маңызы зор деп сенемін.Ұлттық ойын түрлеріне арналған арнайы бұрыш жасалып, оқушылар сол жерде шахмат, асық ойынын ойнап, асық түрлеріне арналған ақпаратпен танысты.
Асық ежелден келе жатқан ұлттық ойынымыз болғандықтан, оны қазіргі кезде ойнауды балалар арасында кең таратуымыз қажет. Қазіргі кезде оқушылардың ұлттық ойынға деген қызығушылықтары артып, асық ойының қайта жаңғырту керек деп ойлаймын.
Л.Бөлебаева,
№10 жалпы білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Арқалық қаласы