Келесі жылдан бастап кейбір мамандықтар бойынша дуалды оқыту аяқталады

Келесі жылдан бастап кейбір мамандықтар бойынша дуалды оқыту аяқталады

Бұл туралы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің ректоры Сейтбек Қуанышбаев хабарлады.
Бүгінде оқу орында студенттер саны 8% – ға өсіп 7500-ден асқан. Болон процесіне сәйкес, 138 білім беру бағдарламасы бойынша үш деңгейлі білім берілуде.

“Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қорытынды рейтингінде университет үздік көпсалалы жоғары оқу орындарының ТОП-3-іне енді. Бүгінгі таңда 8 қос дипломды білім беру бағдарламасы жүзеге асуда. Осы жылы Қытайдағы Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетімен «Агрономия»; Оңтүстік Корея, Донг-Ый университетімен «Машина жасау», Солтүстік Ирландия «Шетел филологиясы»,  Ольстер университетімен және жаратылыстану ғылымдары бойынша – Варшава жаратылыстану ғылымдар университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын әзірлеу басталды”, – деп атап өтті университет ректоры.

Биыл маусым айында университет педагогтардың біліктілігін арттыратын ұйымдардың реестріне енді. Педагогикалық емес бағыттағы мамандарды қайта даярлау жүріп жатыр.
“Бұл мектептерді біліктілік талаптарына сай мұғалімдермен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Келесі жылдан бастап техникалық, ауыл шаруашылығы және педагогикалық мамандықтарда оқитын бітіруші курстардың барлық студенттерін дуалды оқытуға дайындық аяқталады. Бұл білім сапасын арттырып, оқу кезеңінде жұмысқа орналасуға тиімді”, – деді ректор.
Гүлмира Қабжәлел,
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика мамандығының 3 курс студенті.

Жаңалықтармен бөлісу