«Айдын жырдың аққуы»: республикалық айтыс басталды

«Айдын жырдың аққуы»: республикалық айтыс басталды

Қостанайда Халық ақыны Әсия Беркенованың мерейтойына арналған республикалық айтыс өтіп жатыр.

Ақындар аламанына елдің түкпір-түкпірінен 12 жыр жүйрігі келген. Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан бастаған айтулы ақындар атой салмақ. Олардың өнеріне Әсия Беркенова, Жүрсін Ерман, Алмас Алматов, Ақылбек Шаяхмет, Жанарбек Әшімжан баға береді.blankҰлт өнерінің мерекесіне халық көп жиналып, Жастар сарайын лық толтырды. Айтыс тізгіншісі, ақын Аманжол Әлтай кешті Әсия Әйіпқызына деген ыстық ілтипат-лебізімен ашып, дүйім жұртқа меймандарды таныстырды.blankblankБұдан соң сөз кезегі ақындарға беріліп, сахнаға алғашқы болып жамбылдық Мұхтар Қонарбай мен қызылордалық Бексұлтан Орынбасар шықты.blank blank«Халықтың ақын қызы Әсия апам
Құрметтің қандайына лайықты екен.
Жетпістің бесеуіне келіп тұрған
Әйіпқызын ардақтау айып па екен?» — деп өлеңді Бексұлтан бастап, оны Нұрлан:
«Киелі өңір, өзіңде екі бірдей
Халық ақыны өмірге келіп еді.
Әсия мен Қонысбай неге маған
Тобыл мен Торғай сынды көрінеді?» — деп, өрелі өлеңмен өре жөнелді. Тобыл өңірін, төл өнерді, елдік мұратты, көкейтесті сауал-сұрақты жырға қосып, ел ықыласына бөленді.blank
Ақпарат кейінірек толықтырылады.

Суреттерді түсірген — Диана Алматқызы