Кәсіпкерге көмек, осал топқа қолдау: жаңа Салық кодексі түсіндірілді

Кәсіпкерге көмек, осал топқа қолдау: жаңа Салық кодексі түсіндірілді

Биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Салық кодексін және оған ілеспе «Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды бекіткені мәлім.

Бұл — салық әкімшілендіру, жеңілдіктер мен мөлшерлемелерді қоса алғанда, барлық негізгі бағыттарды қамтитын ауқымды салық реформасы болып қалыптаспақ.

Ол туралы Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері бір қатар мемлекеттік органдар мен бизнекс өкілдерінің, салық төлеп жүрген жеке тұлғалардың басын қосып, дөңгелек үстел басында талқылады.

Кірістер департаментінің басшысы Азамат Қожықов бұл қадам мемлекеттік орган қызметкерлері мен бизнес өкілдері үшін тиімді екенін сөз етті.

«Бұл семинар сіздерге пайдалы кеңес алаңы болады деп сенемін. Қажетті ақпарат алып, органдар арасында түсіністік орнайды деп ойлаймын. Жаңа салық кодексі елімізде бизестің қарқын алуына септігі зор. Осы арқылы жақсы жобалар жүзеге асырылып, инфрақұрылымның дамуына ыпқалы еткелі тұр», – деді облыстық кірістер департаментінің директоры Азамат Қожықов.

Депармент басшысының орынбасары Төленді Керімбеков Салық кодексін түсіндіретін арнайы топ ұйымдастырылғанын айтты.

«Мемлекеттік кірістер органдары салықтың толық әрі уақытылы түсімін қамтамасыз етумен қатар негізгі міндеттер арқылы заңнаманы тиімді ұғындырып, салық төлеушілер мен салық салушылар арасындағы қарым-қатынасты бекітеді. Бұл кодекс бизнес өкілдері мен жеке тұлғалардың салық міндеттемелерін орындау процесін жеңілдетуге бағытталған. Әкімшілік қызметтерді жетілдіре түседі», – деді ол.

Кірістер департампентінің басқарма басшысы Зарина Бекмұхамедова корпаративтік табсы салығына қатысты өзгерістер жайында баяндады.

blank

«Корпоративтік табыс салығының негізгі мөлшерлемесі 20 % деңгейінде сақталады. Сараланған мөлшерлемелер енгізілетінін атап көрсеткім келеді. Бизнесті несиелеуді қоспағанда, банктер мен құмар ойын бизнесі үшін мөлшерлеме 25 % болып бекітілді. Әлеуметтік сала ұйымдары үшін 2026 жылы 5 % болса, 2027 жылдан бастап 10 % болып өседі. Ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін жеңілдетілген 3 % мөлшерлеме сақталады. «Бәйтерек» холдингінің бағалы қағаздарынан түсетін кірістер 2031 жылға дейін салықтан босатылады. Қор нарығына қатысушылар үшін салықтық жеңілдіктер сақталады. Жаңа төмен рентабельді учаскелер үшін пайдалы қазбаларды өндіру салығы 5 жылға 0 % мөлшерінде белгіленеді. Геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өңдеуге қосымша жеңілдіктер қарастырылған», – деді ол.

ҚҚС бойынша негізгі өзгерістер орын алғалы отыр. Мәселен, негізгі мөлшерлеме 16 % деңгейінде бекітілсе, медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге төмендетілген. Қарастырылған мөлшерлемелер 2026 жылдан бастап 5 % болса, 2027 жылдан бастап 10 % болып өседі. ТМККК және МӘМС аясындағы қызметтер, сирек және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, баспа түрінде кітап шығару ісі, археологиялық жұмыстар ҚҚС-тан босатылады.

Мерзімді басылымдарға 10 % мөлшерлеме енгізіледі. ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 10 000 АЕК-ке дейін төмендетілді.

Департаменттің Өндірістік емес басқармасының басшысы Шынар Жұмабаева бұл реформа салық жүйесін жеңілдетуге, бизнесті қолдауға, әлеуметтік осал топтарды қорғауға және экономиканы дамытуға бағытталғанын айтып, бірқатар жеңілдіктерді баяндады.

blank

«Бұл Салық кодексінің халық үшін тиімді тұстары көп. Мәселен, салық есептілігінің көлемі 30 % қысқартылса, салық түрлері 20 % азайтылып отыр. Ол дегеніміз, бизенеске қолдау көрсетіліп, Президетіміздің осал топтарды қорғайтынын айғақтайды. Сол себепті, салықтық жеңілдіктер мен алымдар оңтайландырылды. Салық әкімшілендірудің жаңа тәсілдері енгізіле отырып, берешекті өндіріп алу және төлем мерзімін кейінге шегеру тәртібі қайта қаралды.Енді салық жүйесі бизнеске де, жеке тұлғаларға да анағұрлым түсінікті әрі ашық болады», – деп атап өтті Шынар Жұмабаева.

ЖТС бойынша мынадай жаңа ережелер енгізілгенін айта кетпейік. БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдері толықтай ЖТС-тан босатылады.

10 жылдан асқан автокөліктерге көлік салығы төмендетіледі.

Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік шегерім 882 АЕК-тен 5 000 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

Жылдық табысы 8 500 АЕК-тен асатын жеке тұлғаларға – 15 %, дивидендтері мен табысы 230 000 АЕК-тен асатын кәсіпкерлерге – 15 %, ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін лимиттен асқан жағдайда жеңілдетілген мөлшерлеме қолданылады – 4,5 % прогрессивті мөлшерлемелер енгізілмек. Құны жоғары тауарлардың жекелеген санаттарына акциз салығы салынбақ.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен шағын бизнес үшін де біраз жеңілдік бар. мысалы, бірыңғай жер салығы алынып тасталды. Жекелеген алымдар бойынша мөлшерлемелер қайта қаралып, жеңілдетілді.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар салықтарын мобильді қосымша арқылы есептеп, төлем жасай алады. Демек, салық органдарына барудың қажеті жоқ. Камералдық бақылау енді ескерту сипатында жүргізіледі.

Берешекті өндіріп алу, төлеу мерзімін кейінге шегеру және бөліп төлеу рәсімдері жеңілдетіледі.

Шағын берешектер бойынша бизнес-шоттар бұғатталмайды. Барлық шаралар қарыз сомасына байланысты кезең-кезеңімен қолданылатын болады.

Айбек ЖҮЗБАЙ