Агрофестиваль: Ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен ашылу рәсімі өтті

Агрофестиваль: Ауыл шаруашылығы министрінің қатысуымен ашылу рәсімі өтті

Бүгін Қостанайда өтіп жатқан «Jańa Dala / Green Day 2026» агрофестивалінің ашылу рәсімі өтті. Салтанатты іс-шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен Қостанай облысы әкімі Құмар Ақсақалов арнайы қатысты.

Қостанай ауданы іргесіндегі «Қазақ тұлпары» ЖШС көрме алқабында ауқымды агрофестиваль жалғасып жатыр. Кешеден бері озық агротехнологиялар, техниканың сан алуан түрі, отандық селекция жетістіктері таныстырылу үстінде. Бұл халықаралық алаңға айналып, жиырмадан астам қазақстандық және шетелдік ауыл шаруашылығы техника-технологиясын өндірушілердің басын қосты. Фермерлер, аграрлық ғылым, бизнес, даму институттары және мемлекеттік орган өкілдері де жиылды.blankblankblankblankblankАл бүгін салтанатты ашылу рәсімі өтіп, оған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров пен облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты. Рәсімде сөз алған министр агрофестиваль Президенттің АӨК техологиялық тұрғыда жаңғырту, отандық аграрлық ғылымды дамыту, инновациялық қамтылымды жеделдету және саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі стратегиялық міндеттемелеріне сай келетінін тілге тиек етті.blank

«Мемлекет басшысы агроөнеркәсіп кешені ел экономикасындағы жоғары технологиялы әрі бәсекеге қабілетті салаға айналуға тиіс екенін бірнеше мәрте айтқан еді. Үкімет тарапынан көрсетіліп отырған бұрын-соңды болмаған қолдаудың арқасында аграрлық сала қатарынан үшінші жыл тұрақты өсім көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. Бұл – мемлекеттің жүйелі аграрлық саясатының, қаржыландырудың қолжетімділігін арттырудың, машина-трактор паркін жаңартудың, заманауи агротехнологияларды енгізудің және отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тиімді жұмысының нақты нәтижесі», – деді Айдарбек Сапаров.

blankblankБұдан соң министр саланың үдік мамандарына ведомстволық марапаттар табыс етті. Жеңілдетілген лизинг бағдарламасына қатысушылар жаңа ауыл шаруашылығы техникаларының кілтін иленеді. Бұл да аграрлық секторды бірінші кезекте техникамен қамту бағытындағы саясаттың тиімділігін кезекті мәрте айқындай түскендей. blankblankblankblankАл өңір басшысы Құмар Ақсақалов бұл фестиваль жыл сайын өткізіліп, елдің басты ауыл шаруашылығы көрмесіне айналатынын айтты. Одан ары астықты өлкенің АӨК бағытындағы жетістіктеріне тоқталды.blank

«Облыс диқандары Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді табысты орындап келеді. Бұған мемлекет ұсынатын қаржылық қолдау шараларының тиімділігі зор ықпал етуде. Саланы дамытудағы ең өзекті мәселелердің бірі әрдайым жеткілікті қаржыландырудың тапшылығы болатын. Бүгінде Президенттің және министрліктің қолдауы арқасында бұл мәселе шешімін тапты. Шаруашылықтар қажетті көлемде жеңілдетілген несие мен мемлекеттік субсидияға қол жеткізіп отыр. Биыл облыстың агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 275 млрд теңге бөлінді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 33 пайыз артық. Кейінгі бес жылда саланы қаржыландыру көлемі 3,6 есеге ұлғайды. Жеңілдетілген лизингпен былтыр шаруашылықтар 1034 техника сатып алды. Ал биылдың өзінде 799 жаңа техника пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін техника паркін жаңарту межесі толық орындалады. Айта кету керек, сатып алынған техниканың шамамен 90 пайызы – отандық өндірістің өнімі. Оның ішінде Қостанай облысындағы зауыттарда құрастырылған ауыл шаруашылығы техникаларының үлесі де басым», – деді Құмар Ақсақалов.

blankОблыс әкімі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану арқасында өнім шығару көлемінің арта түскенін, былтырғы орақ науқанында соңғы он жылдағы рекордтық 6,7 млн тонна астық жиналғанын дәйекке келтірді. Биыл да егіске 140,4 млрд теңге жеңілдетілген несие берілген. Мұны да мол өнім алуға кепіл болатын факторлардың біріне балап отыр. Облыс өңделген өнім экспорты жөнінен де елдегі көшбасшылардың қатарында екені де баян етілді.blank

«Облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамытуда ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдық берілуде. Кейінгі жылдары бұршақ тұқымдас дақылдарды өңдеу, құрғақ бие сүтін өндіру жобалары жүзеге асты. Сондай-ақ ұн тарту кешені мен ірімшік өндіретін зауыт іске қосылды. Тамыз айында «Кондитерлік астана» жобасы пайдалануға беріледі. Қазір ммай экстракциялау зауыты мен астық және майлы дақылдарды өңдейтін кешен салынып жатыр. Бұдан бөлек, астықты терең өңдеу және тұрақты авиациялық отын өндіру бағытындағы екі ірі жобаны іске асырудың маңызы ерекше болмақ», – деді Құмар Іргебайұлы.

Ол сөз соңында Қостанай облысы инвестициялар мен жаңа бастамалар үшін қашанда ашық екенін жеткізді. Ізінше, ауыл шаруашылығы саласына маңдай тері сіңген мамандарды Құрмет грамотасымен марапаттады. Бірқатар шаруашылыққа жаңа техникалардың сертификатын табыс етті.blankblankblankblankblankОсыдан соң Ауыл шаруашылығ минстрі мен өңір басшысы жергілікті диқан-шаруалармен кездесіп, «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС әзірлеген отандық селекцияның үздік сорттарының демонстрациялы егісімен танысты. Одан ары заманауи техникалардың, құрал-жабдықтарының, цифрлық платформалардың, ұшқышсыз жүйелердің көрмесін, ауыл шаруашылығы жануарларының экспозициясын тамашалады.blankblankblankblankblankblankblankblankblankblankblankАйта кету керек, агрофестиваль бағдарламасы аясында салалық конференциялар, сарапшылар сессиялар, дөңгелек үстелдер өтіп жатыр. Өзекті тақырыптар – саланы цифрландыру, аграрлық ғылымды дамыту, ветеринарлық қызметті жетілдіру, инновациялық технологияларды салаға кіріктіру мүмкіндіктері.blankblankblankblankМұның сыртында облыс тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени және этнографиялық бағдарламалар, ұлттық спорт түрлерінен сайыс, қолөнер көрмелері ұйымдастырылып, гастрономиялық алаңдар мен демалыс орындары әзірленген. Қостанай облысы әкімдігі мен Expotime компаниясы бірлесе ұйымдастырған ауқымды іс-шара ертең түйінделеді.blankblankblankblank

Толығырақ – газеттің алдағы санында.

Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ