Таза үй өнімдеріне сұраныс артып келеді

Таза үй өнімдеріне сұраныс артып келеді

Агро фестивальдің басты оқиғаларының бірі жергілікті өндірушілерді қолдау аясында жүзеге асырылып жатқан «Bir aýyl – bir ónim» (BABO) жобасы қатысушыларының көрмесі болды.

Жоба кеңес беру, оқыту мен брендтерді құруға көмектесуден бастап, маркетингтік қолдау мен өнімдерді нарықтарда жылжытуға дейінгі кешенді шараларды қамтиды.

«BABO» көрмесіне отандық спорт жұлдыздары ерекше ықылас танытты. Алаңға өңірдің атышулы спортшылары мен Қостанай қалалық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің (БЖСМ) тарландары келді. Олардың арасында 2026 жылғы Азия чемпионы Надежда Рябец, сондай-ақ Азия чемпионатының жүлдегері және Қазақстан Республикасы чемпионаттарының көпқырлы жүлдегері Анастасия Баязитова бар.

Танымал боксшылар ауыл шеберлерінің бірегей өнімдерімен үлкен қызығушылықпен танысты. Спортшылар тек көрермен болып қана қоймай, Қостанай бокс мектебінің өкілдері агрофестивальдің интерактивті спорттық бөліміне де белсенді қатысты.

Спорт шеберлері мен дәстүрлі қолөнер шеберлерінің символикалық кездесуі мерекенің басты идеясын — бірлік пен салауатты өмір салтын дәріптеуді, сондай-ақ өңір дарындарына жан-жақты қолдау көрсетуді тағы бір мәрте айшықтады.

Қостанайдағы Дала күні халықаралық-экономикалық ынтымақтастық үшін де жаңа перспективалар ашты.

Фестиваль аясында Өзбекстан делегациясы өңірдің ең ірі ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен келіссөздер сериясын жүргізді. Сапардың басты мақсаты — Өзбекстанның май-тоңмай және ұн тарту кәсіпорындары үшін сенімді шикізат жеткізушілерін табу.

Өзбекстанның аграрлық нарық және логистика жөніндегі сарапшысы Алишер Махмудовтың айтуынша, жұмыстың негізгі кезеңі жер қоры миллион гектардан асатын өңірдің ең ірі агроқұрылымдарын біріктіретін Қостанай облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығымен келіссөздер болды.

«Біздің басты мақсатымыз — Өзбекстанның ұн тарту және май-тоңмай кәсіпорындары үшін сенімді шикізат жеткізушілерін табу. Қостанай облысы биыл 260 мың гектарға жуық күнбағыс екті. Біз үшін тұрақты шикізат базасы өте маңызды, өйткені Өзбекстанда және басқа өңірлерде қазір ірі май өңдеу кәсіпорындары салынып, кеңейтілуде. Қауымдастықпен ынтымақтастық бізге сыналған және ірі өндірушілермен жұмыс істеуге кепілдік береді», – деп атап өтті делегация өкілі.

Өзбек тарапы астық және майлы дақылдарды сатушылар мен сатып алушылар арасында тікелей байланыс орнатудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті, бұл қазақстандық өнімнің экспорттық әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді. Соңында өзбек делегациясы қазақстандық аграрийлерді 16–18 қыркүйекте Ташкентте өтетін Халықаралық май-тоңмай және ұн тарту конференциясына қатысуға шақырды. Онда Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркиядан сатып алушылар жиналады.

Осиновка ауылындағы агрофестиваль жай ғана демонстрациялық алаң болып қоймай, мемлекет, бизнес, спорт және халықаралық серіктестер арасындағы диалогтың басты мекеніне айналып, өңірдің агроөнеркәсіп кешені мен кәсіпкерлігін дамытуға жаңа бағыт-бағдар берді. Халықтың жергілікті тауар өндірушілердің таза үй өнімдеріне қызығушылығы артқаны байқалады.

Ләззат Мәмбетованың сүт өнімдерін қолдан жасап, саудаға шығарып жүргеніне он бес жылдан асқан.

blankblank

Жеті баланың анасы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылынан ат арытып жеткенін айтады. Енесі Ботагөз келіне үнемі қолдау білдіріп келе жатыр.

blank

Марина Марикова Рудный қаласында отыз жылдан бері омарташылықпен айналысады. Балдың он бес шақты түрін бауыры екеуі көрмеге әкеліп тұрған жайы бар.

blank blank blank

Балдан жасаған қолшамдары он-он екі саған сөнбейтінін айтады. Араның түрлі тұқымын Өзбекстан жағынан алдырып жүр екен.

Тобыл қаласының тұрғыны Наталья Таскаева болса, осы балдан, имбирден түрлі өнім әзірлейді.

blank blank

Оның печенье, тоқаштары Қостанай ауданындағы сауда сөрелерінен жиі байқалып жүр.

Айбек ЖҮЗБАЙ

Суреттерді түсірген Василий Васильев