Амангелді ауданында Құрылтай сайлауы ұйымшылдықпен, халықтың жоғары белсенділігімен өтуде. Аудан бойынша 27 сайлау учаскесі жұмыс істеп, тұрғындар ел болашағы үшін өз таңдауларын жасап жатыр.

Сайлауға ауданның зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер қауымы да белсене қатысуда. Атап айтқанда, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Әлмағамбетов, зейнеткерлер Ағыбай Төлегенов, Балтабай Уахитов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Есім Дауылбай, сондай-ақ ардагер Сейдағалым Алшорин сынды ел ағалары сайлау учаскелеріне ертелетіп барып, елдің болашағы үшін өз дауыстарын берді.
«Еліміз үшін маңызды күні ешкім де шет қалмауы керек. Біз де үн қосайық әрі жастарға үлгі көрсетейік деп уаскеге келдік», – деп пікір білдірді Есім ақсақал.

«Аға буынның белсенділігі – кейінгі ұрпаққа үлгі. Ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, азаматтық ұстаным таныту – баршамызға ортақ міндет», – дейді ауданның жаңа талап, жас буын өкілдері.
Мұрат Жүнісұлы
Амангелді ауданы
