«Білім беру саласындағы инвестициялық жобалар» қаржы орталығы АҚ өкілі Қайсар Төлепбаев аталмыш мекеме жүзеге асырып жатқан білім беру саласындағы әлеуметтік жобалар туралы айтып берді.
Орталық өкілінің сөзінше, әлеуметтік жобалар төмендегі бағыттар бойынша іске асуда. Студенттер жатақханаларын салу және реконструкциялау, жеке мектептер, мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi («Aqyl» бiлiм беру депозитi»), мемлекеттiк бiлiм беру кредитi.
Оның сөзiнше, бүгiнде елiмiзде студенттер тұратын 63 мыңнан астам орын-жайдың салынуын қамтамасыз ету қажет. Бұл iрi қалалардан бастап облыстық маңызы бар қалаларға дейiнгi елiмiздiң барлық өңiрлерiне тән қажеттiлiк. Оның ішінде Қостанай облысы сегізінші орында. 1360 орынға қажеттілік бар. Бұл – алдағы уақытта елімізде студенттер контингентi бiршама өседi деген сөз. Әрине, бұл жағдай студенттiк жатақханаларға деген сұраныстың артуына әсер етпей қоймайтынын тiлге тиек еттi.
«Тетiктiң тұжырымдамасы мемлекет пен жеке меншiк сектордың әрiптестiгiне негiзделген. Инвестор, оқу орны немесе кәсiпкер тұлғасындағы жеке меншiк құрылыс салушы өз қаражаты есебiнен объектiнi iске қосуды жүзеге асырады. Объектiнi iске қосу сәттi болған жағдайда мемлекет оған мақсатты мемлекеттiк тапсырысты орналастырады. Бұл жерде үш маңызды параметрдi атап өту керек», – дедi ол.
Елімізде осы мемлекеттік тапсырыс тетігін іске асыру басталғаннан бері пайдалануға берілген жатақханалардың жиынтық жобалық қуаты қазіргі уақытта 10 мыңнан астам төсек-орынды құрайды.
Бүгiнгi таңда орта бiлiм беру саласындағы маңызды мiндеттердiң бiрi – лық толы мемлекеттiк мектептердiң жүгiн азайту, сондай-ақ бiлiм беру сапасын арттыру үшiн күресте мектептер арасындағы адал бәсекелестiктi дамыту болып отыр. 2018 жылдан бастап жекеменшiк бiлiм беру ұйымдарында орта бiлiм беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру мүмкiндiгi заңды түрде бекiтiлдi. Жан басына шаққандағы қаржыландыру әдiстемесiнде жекеменшiк мектептер үшiн жан басына шаққандағы норматив айқындалған.
«Сонымен қатар, инвестордың баланың мектепте болуына жақсартылған жағдайларды ұсынғаны үшiн ата-ана төлемақысын алуға құқығы бар. Мемлекеттен төлемдер мерзiмi өткеннен кейiн объект құрылыс салушының меншiгiнде қалады. Жалғыз шарт 20 жыл мерзiмге объектiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге ауыртпалықты тiркеу болмақ», – дедi ол.
Қазақстанда 2013 жылдан берi Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi жұмыс iстейдi. МБЖЖ – бұл республикамыздың кез келген азаматы үшiн өзiне немесе баласының атына бiлiм беру жинақтау салымын ашу мүмкiндiгi.
«МБЖЖ-ның басты артықшылығы – салымдарға 9%-ке дейiнгi банк сыйақысынан бөлек мемлекеттен сыйлықақы есептеледi. Мемлекет сыйлықақысының мөлшерi – жылдық 5%, әлеуметтiк әлсiз санаттағыларға – 7%. Депозиттiң қатаң нысаналы мақсаты бар, ол: жинақталған қаражат ҚР-да, сондай-ақ шетелде оқу ақысын төлеуге жұмсалуы тиiс», – дедi ол.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ.