Әділет министрлігінің өкілі азаматтарға құқықтық кеңес беру үшін ЖИ енгізілгенін айтты

Әділет министрлігінің өкілі азаматтарға құқықтық кеңес беру үшін ЖИ енгізілгенін айтты

ҚР әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында атап өткендей, заң шығару саласына жасанды интеллектті енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу үшін Қазақстан университеттерімен жұмыс тобы құрылды. Сонымен қатар, бизнес-ортамен ынтымақтастық орнатылуда.

Қазіргі уақытта Е-Zan Komegi мобильді қосымшасында азаматтардың сұрақтарына 24/7 жауап беретін чат-бот әзірленіп жатыр.

«Біздің мақсатымыз – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру. Мысалы, келесі айда Политехпен бірге заң клиникаларын ашамыз. Біз жасанды интеллекттің, мобильді қосымшалардың көмегімен қандай да бір жағдайда не істеу керектігі туралы сұрақтарға жауап азаматтың телефонында 24/7 болғанын қамтамасыз етуіміз керек», – деді спикер.

Мақсат – барлық мобильді қосымшаларды (zan bar, iprav, чат-боттар және т.б.) E-Zan Komegi-не жинау және оны біртұтас жүйеге айналдыру.

Жаңалықтармен бөлісу