Л. Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында әдебиет апталығының ашылуы өтіп жатыр. Рухани іс-шара қарашаның тоғызына дейін жалғасады.
Осы жерде Омар Шипиннің «Амангелді батыр» дастанының жарыққа шыққанына 80 жыл толуына арналған «Жауға шапқан Ақсұңқар» әдеби-тарихи кеші өтеді. Ертең ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына орайластырылған «Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып, күн болам!» атты көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған, суырып салма ақын Нұрхан Ахметбековтің туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Торғайдың топжарғаны» дөңгелек үстелдері ұйымдастырылады.
Бағдарламада жазушы, драматург, Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтановтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Тарлан талант» портрет кеші, Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай филиалының мүшелері, «Ақ қауырсын» және «Толқын» клубтарының мүшелері, Қостанайдың жас ақындары, кітапхана оқырмандары және көркем сөзге бейжай қарамайтын барлық қала тұрғындарының қатысуымен «Жырлайды жан жүрегім жақсылықты» атты поэзия кеші жоспарланып отыр.
Әдеби апталық Рамазан Айдарбекұлы мен Әбутәліп Әмір еңбек ардагері, зоотехник, Қызбел ауылының тумасы Айдарбек Көшекұлы жайында құрастырған «Еңбегі ел жадында» атты естеліктер жинағының тұсаукесерімен қорытындыланбақ.
«Қазақ әдебиеті апталығы» біздің өңірдің ғана емес, бүкіл Қазақстанның рухани дамуына елеулі үлес қосатын болады.