Көптен күткен фильмнің тұсауы кесілді

Көптен күткен фильмнің тұсауы кесілді

Еліміздің барлық кинотеатрларында күні кеше Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Бүркіт” арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің қызметі жайлы көркем фильм көрерменге жол тартты. Қостанайлық  киносүйер қауым да залға лық толды.

Облыстың құқық қорғау органдарының өкілдері мен әскери қызметшілердің өздері бой көрсеткен Отандық көркем фильм шынайы өмірден алынған. Жауынгерлік қызметтің қыр-сырын ашып берген, экшн қойылымда трюктерге толы шытырман оқиға желісінде өрбиді.

Әскерилердің өмірі туралы түсірілген фильмдер бұрын-соңды да түсірілді. Дегенмен, замануи техникамен, әскери қару-жарақтардың жаңарған тұсында кино түсіріп, арнайы дайындықпен, үнемі “жаным арымның садағасы”, – деп от пен судың арасында еңбегі шыңдалып жүрген қызметтің бар екенін халыққа жеткізу, бейбіт күннің батырлары қасыңда жүргенін көрсете білу бүгінгі таңда ең қажетті тақырып.

Антқа және қызметтік міндетке адалдықты мақсат еткен көркем туынды әскерилердің көңілінен шыққандай. Фильм жайлы ҚР ҰҚК департаментінің бастығының орынбасары полковник Б.Қ.Күреңбеков :

– “Бүркіт” көп еңбектің, талмас қайсарлықтың, жеңіске деген жігердің нәтижесі, елдің тыныштығы мен қылмыстың алдын алуға жұмсалған күштің бекер еместігін ашып көрсетті, – деп пікір білдірді.

 

Дулат Шәріпбаев,

тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі бөлімшенің бастығы,  майор.

Жаңалықтармен бөлісу