Бүгін шаңырағында АЙАРУ, АРДАН және АРЛАН есімді үшем дүниеге келген Әбдірахмановтар отбасын Қостанай қаласының әкімі Марат Жүндібаев облыс басшысы атынан құттықтап, үш бөлмелі пәтер кілтін табыс етті.
Олардың үшемнен басқа 5 баласы бар. Ең үлкені 18 жаста, ең кішісі 2 жаста.

«БК-Строй» Ақшагүл мен Жалғас Әбдірахмановқа 109 шаршы метрлік жаңа баспана сыйлады.

Осы уақытқа дейін 5 баламен бір бөлмелі арендалық баспанада тұрып келген.



«Қостанайда үшем жиі кездесетін құбылыс емес. Соңғы 10 жылда бұл 6 үшем дүниеге келді. Мемлекет көп балалы отбасыларын әрдайым қамқорлықсыз қалдырмайды», – деп атап өтті қала әкімі Марат Жүндібаев.





Бұл туралы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Айтолқын АЙҚАДАМОВА
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев
