Жиынға өңірдегі партия құрылымдарының өкілдері мен делегаттар қатысып, өңірлік сайлауалды бағдарламаны бекіту және ұйымдастырушылық мәселелерді қарастырды.
Конференцияға партияның облыстық филиалының басшысы Бибігүл Аққожина төрағалық етті.
Іс-шара барысында «Әділет» партиясы Қостанай облыстық филиалы басшысының орынбасары Алмат Досмұхамедов өңірлік сайлауалды бағдарламаның жобасын таныстырды.
Талқылау қорытындысы бойынша делегаттар өңірлік сайлауалды бағдарламаны бекітті. Сонымен қатар Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына партиялық тізім бойынша және бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша кандидаттар ұсыну туралы шешімдер қабылданды.

Бұдан бөлек, конференцияға қатысушылар облыстық филиалдың Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселесін қарастырып, оның Бюросының жаңа құрамын бекітті.
Конференция аясында «Әділет» партиясының қатарына жаңа мүшелерді қабылдау рәсімі де өтті.
