Бүгін – қазақ халқының даңқты перзенті, Халық Қаһарманы Рақымжан Қошқарбаевтың туғанына 102 жыл.
Ұлы Жеңіс тарихында өшпес із қалдырған батыр 1945 жылы 30 сәуірде Берлиндегі Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен ержүрек жауынгерлердің бірі болды.
Рақымжан Қошқарбаевтың қайсарлығы мен Отанға деген адалдығы – бүгінгі ұрпаққа үлгі, ал оның есімі – халқымыздың мақтанышы. Батырдың ерлігі ешқашан ұмытылмайды, есімі ел жадында мәңгі сақталады.
Ер есімі – ел есінде! Батыр рухына тағзым етеміз!
