Арқалықта ғарыштан оралған қазақстандық ғарышкер Құрылтай сайлауына қатысты.
Науқан қызған сайын қызықтар да көбейе түсті. Солардың бірі Арқалықта таспаға басылып отыр. Ғарыш әлемін шарлап келіп, Арқалық айлағына қонған космонавт саяси оқиғаға үн қосуды шешкен. Қаладағы №106 сайлау учаскесіне барып, азаматтық таңдауын жасады.
«Бүгін еліміз үшін маңызды күн. Осы орайда ғарыш айлағынан Арқалық қаласындағы сайлау учаскесіне арнайы келіп, дауыс бердім. Таңдау жасау — елдің жарқын болашағына бастайтын маңызды қадам», — деді ғарышкер рөліндегі азамат скафандр ішінен.
Айта кетейік, №106 сайлау учаскесі А.Құнанбайұлы атындағы мектеп-гимназия ғимаратында орналасқан. Бұл — қаладағы белсенділігі жөнінен алғы қатарда келе жатқан учаскелердің бірі.
