«АЛТЫН МИКРОФОН–2026»: ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«АЛТЫН МИКРОФОН–2026»: ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Өнер додасында таланты мен орындаушылық шеберлігін қатар танытқан қатысушылар арасынан Ясмин Аюпова «Алтын микрофон–2026» XXII Халықаралық әншілер байқауының Гран-при иегері атанды.

Байқау барысында жас әншілер сахна төрінде өз мүмкіндіктерін көрсетіп, жоғары деңгейдегі өнерімен көрермен мен қазылар алқасының назарын аударды.

Кіші топта Омар Қанапия үздік атанып, бірінші орынды иеленді. Екінші орын Бақытжан Ерланға, үшінші орын Ариела Мощинскаяға бұйырды.

Орта топта Нұржайна Таубалды топ жарып, бірінші орынға ие болды. Алсу Улуханова екінші, Сүлеймен Муратов үшінші орыннан көрінді.

Ересек топта Жасмина Тлеумбетова жеңімпаз атанды. Наргиз Токеш екінші, Әбілмансұр Едрес үшінші орынға лайық деп танылды.

Ал «Профи» тобында Мәди Мырзабекұлы бірінші, Ақжол Серікханов екінші орын алды. Алекса Карабоев пен Аманжол Ескермесов үшінші орынды бөлісті.