Қостанайдың 147 жылдығына арналған мерекелік шаралар «Алтын микрофон» халықаралық әншілер байқауының гала-концертімен жалғасты.
Кеш барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Сахнада Қостанайдың талантты өнерпаздарымен қатар, еліміздің әр өңірінен арнайы келген өнер жұлдыздары өнер көрсетіп, көрерменге ерекше әсер сыйлады.

Әсем ән, жарқын эмоция, көтеріңкі көңіл күй – қала күнінің мерекелік кешін одан әрі көркейте түсті.
Мерекелік шаралар көкке көтерілген әсем отшашуға ұласты.
Түрлі түске боялған аспан қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлап, мерекенің сәнін келтірді.
Туған күнің құтты болсын, Қостанай! 147 жасың құтты болсын!
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
