Бүгін 4 маусымда, экологтар күні мен дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аясында Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ұйымдастыруымен өңірдегі жетекші экологиялық кәсіпорындар пресс-тур өтті. Қала тазалығы мен экология саласына тікелей үлес қосып отырған қос бірдей нысан таныстырылды.
Алғашқы аялдама 2003 жылдан бері қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптаумен және қайта өңдеумен айналысып келе жатқан «Атамекен 4 плюс» ЖШС кәсіпорны болды.
«Мен әртүрлі оқиғалармен кездесем. Адамдар үйлерінен диванды шығарып алып, фотоға түсіріп алып бізге және полиция қызметкерлеріне реніштерін білдіріп жатады. Біз келіп видеокамераларды тауып, бейнероликтерді қараймыз. Бізге өзі үйінен диванды алып шығып жатқанын анық көрініп тұрады. Біз қазір Павлов көшесі 74-үй мекенжайында тұрмыз. Ірі көлемді қоқысты жинау керек. Бұл жұмыстарды біз 2025 жылы бастаған болатынбыз. 2025 жылы дәл осындай 56 арнайы орын салынған еді. Іске қосылған екі жоба бар. Олар 2 бөлімге бөлінген. Бірінші орындар болса, жолға арналған ірі көлемдегі қоқыстарды жинау бағытында болса, ал екінші жоба – бункерлер», – дейді Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ бас маманы Асхат Қазин.
Ол бункерлер ыңғайлы, ең үздік және қоқысты тез жинайтындығымен ерекшеленетінін айтты. Жалпы, 2026 жылы жобаны одан сайын кеңейту жоспарлануда. 2026 жылы 58 осындай жабдықтар орнатылып, қаланың солтүстік бөлігінде 31 орын, 27 орын оңтүстік жақта орналастырылмақ.

Бұл өндіріс орнында бүгінде 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Компания негізін қалаушы Андрей Климентьевтің айтуынша, кәсіпорын жылына 1800 тонна өнім өндіру қуаттылығына ие. Мұнда қоқысты бөлек жинаудың, оны сұрыптаудың күрделі процестері көрсетілді. Ең қызығы кәсіпорын тек Қазақстан нарығымен қамтып қоймай, өнімдерін ЕАЭО елдеріне де экспорттайды.
Айша Сейтқан,
Ділназ Айтуарова
ҚӨУ студенттері
