Бүгінгі күн – халқымыздың тарихындағы ерекше маңызы бар мереке. 1992 жылдың 4 маусымында тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер – егемендігіміздің айғағы, тәуелсіздігіміздің тұғыры, халқымыздың бірлігі мен болашаққа деген сенімінің жарқын белгісі.
Патриоттық акцияның ең маңызды әрі салтанатты сәті – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру рәсімі.
Қаланың ту тұғыр алаңында ту көтеру құрметі қазақ күресінен 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері Арайлым Бауыржанқызымен қазақ күресінен Қазақстан Республикасы чемпионатының қола жүлдегері Іңкәр Айдынқызына берілді.
Мерекелік іс-шарада еліміздің асқақ Әнұраны шырқалды. Арқалық қаласының әкімі Әмірхан Асанов алғашқы болып құттықтау сөз сөйлеп, отансүйгіш жастардың бірі, қоғам белсендісі Бақытжан Абайұлы жылы лебізін білдірді.

Жалынды жастардың жүрегіндегі патриоттық сезім әсерлі әндермен айшықталды.
Мұрат Жүнісұлы
Суреттерді түсірген – автор
Арқалық қаласы
