Қостанайда еңбек адамына құрмет көрсетілді

Қостанайда еңбек адамына құрмет көрсетілді

Облыстық  Кәсіподақ орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Ирина Аронова «Алтын-Нан» ЖШС қызметкері Виктория Саяпинаға арнайы сертификат табыстады.

Ол ҚР Кәсіподақтар федерациясы Оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығы ұйымдастырған келісім комиссиясы мүшелерін оқыту курсын сәтті аяқтаған.

Курс аясында «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері. Келіссөз жүргізу дағдылары және консенсусқа қол жеткізу» тақырыбы қамтылды.

Еңбек адамына құрмет көрсету, олардың әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу – қоғам дамуының маңызды көрсеткіштерінің бірі. Осындай кездесулер еңбек ұжымдарындағы өзара сенімді арттырып, әлеуметтік әріптестікті нығайта түсетіні сөзсіз.

blank blank blank

Кәсіпорын ұжымымкен кездесуге облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлері кәсіподағы филиалының төрайымы Зәуре Жұмабекова да қатысты.

Кездесу өндіріс процесін тоқтатпай, тікелей жұмыс орындарында ұйымдастырылды. Мұндай формат еңбек адамдарының уақытын тиімді пайдаланып қана қоймай, олардың күнделікті маңдай теріне деген құрметтің нақты көрінісіне айналды.

«Алтын-Нан» ЖШС – өңір тұрғындарына сапалы өнімдерімен кеңінен танылған кәсіпорындардың бірі.

blank blank blank

Мұнда күн сайын жаңа піскен нан, түрлі тоқаш және кондитерлік өнімдер әзірленеді. Кәсіпорын өнімдері қаладағы сауда орындарына тұрақты жеткізіліп, тұтынушылар сұранысына ие болып отыр. Сонымен қатар, кәсіпорын аумағында өз өнімдерін өткізетін арнайы дүкен де жұмыс істейді.

Кәсіпорында негізінен әйел азаматтар еңбек етеді. Ұжымда қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, еңбек қауіпсіздігі мен тұрақты жұмыс жағдайын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінген. Мұнда бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмыс істейді. Жұмыс беруші мен қызметкерлер өкілдері арасында жасалған ұжымдық шартта еңбекке ақы төлеу, еңбек қауіпсіздігі, әлеуметтік кепілдіктер мен өтемақылар жан-жақты қарастырылған.

blank blank

Ұжымдық шарт аясында қызметкерлердің жалақысы жыл сайын 10 пайызға индекстеліп отырады. Бұл – еңбеккерлерді қолдауға бағытталған нақты әлеуметтік шаралардың бірі.

Кәсіпорында еңбек заңнамасының талаптары толық сақталған. Өндірістік нысандар еңбек жағдайлары бойынша аттестаттаудан өткен.

Қызметкерлер жыл сайын медициналық тексеруден өтіп, арнайы киімдермен және жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, жұмыс беруші еңбек міндеттерін орындау кезінде орын алуы мүмкін жазатайым оқиғалардан қызметкерлерді тұрақты түрде сақтандырып келеді.

Кездесу барысында еңбек адамының құқығын қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету және әлеуметтік қолдау мәселелері кеңінен сөз болды. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар ұжымдағы тұрақтылықты сақтап, қызметкерлердің ертеңгі күнге деген сенімін нығайта түсуде.