2025-2026 жылғы қысқы жылыту маусымының сәтті аяқталуын атап өту үшін Арқалық жылу электр компаниясы (АЖЭК) қызметкерлерінің бастамасымен түрлі спорт түрлерінен ішкі спартакиада өткізді.

Арқалық ЖЭК өндіріс менеджері Әскербек Әлмағанбетов пен кәсіпорынның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше бұл турнир екі маңызды оқиғаға арналған. Жылыту маусымының сәтті аяқталуымен қатар, бұл жарыс Арқалық қаласының 70 жылдығына арналып отыр.
Спартакиадаға АЖЭК әкімшілігі, отынмен жабдықтау және қазандық-турбина бөлімдері, электр бөлімі және зертхананы қоса алғанда, компанияның әртүрлі бөлімдерінің өкілдерінен тұратын 5 команда қатысты.

Сайыс 8 спорт түрін қамтыды. Атап айтқанда: турникке тартылу, арқан тарту, таяқ тарту, қол күресі, скакалкамен секіру, дартс, үстел теннисі және шағын-футбол спорт түрлерін қамтыды.

Спорттық жарыстарға АЖЗК – ның орталық командалары түгелдей дерлік қатысты деуге болады. Мұндағы қызметкерлер саны техникалық мамандардан бастап басшылыққа дейінгі 170-180 қызметкерді құрайды. Әр спорт түрінен жеңімпаздар мен жүлдегерлерге сертификаттар, медальдар және ақшалай сыйлықтар берілді.

Жарыс қорытындасында кәсіпорынның операциялық қызметкерлер командасы жалпы есепте І-ші орын алды. ЖЭО әкімшілігі ІІ-ші орынды, отынмен қамтамасыз ету командасы ІІІ-ші орынды иеленді.

АЖЗК қызметкерлерінің бастамасы қала құраушы кәсіпорынның өзге де бөлімдері мен учаскелеріне де таралады деп күтілуде. Мысалы, кәсіпорынының ең ірі учаскелерінің қатарында Арқалық жылу электр компаниясының әкімшілігі, су тазарту қондырғылары және кәріз тазарту қондырғылары, сондай – ақ Ашутасты, Фурманов, Восточный ауылдарындағы және Терісаққан топтары учаскелері бар.
Сондықтан, Арқалық қаласының 70 жылдығын мерекелеу аясында бұл учаскелер де кәсіпорынның іргелі спорттық өміріне үлес қоса алады.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы
