Арқалықтың шалғай  ауылының  түлектері волейболдан турнир өткізді

Арқалықтың шалғай  ауылының  түлектері волейболдан турнир өткізді

Бұл бастаманы Әбдіғаппар хан ауылының 1987 жылғы туған түлектері қолға алды. Турнирде әр жылғы түлектермен қатар бұрын Қараторғай орта мектебінде қызмет атқарған ұстаздар да өзара бақ сынасты.

«Турнирді өткізудегі ойымыз – ауылымыздың жастары мен тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, ауыл жастарының бірлігін нығайту және достық қарым-қатынасты дамыту болды. Осы істе ұйымшылдық пен бірлік танытып, өскелең жастарға үлгі болған аға-апаларымызға алғысымызды білдіреміз», – дейді ауылдың спорт жөіндегі әдіскері Дастан Самарқанов.

Жарысқа ерлер құрамасынан 8 команда, әйелдер құрамасынан 3 команда қатысып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әрбір кездесу қызықты да тартысты өтіп, жанкүйерлерге ерекше әсер сыйлады. Турнир барысында командалар арасында ұйымшылдық, бірлік пен достықтың айқын көрінісі байқалды.

blank blank blank blank

Еске сала кетсек, Әбдіғаппар хан ауылы өңірде алғашқылардың бірі болып алкогольді ішімдіктерден бас тартқан ауыл.

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

                                                                                                       Арқалық қаласы