«Сөйле, сурет»: Аңсаған Мұстафаның 200-ші көрмесі шақырады

«Сөйле, сурет»: Аңсаған Мұстафаның 200-ші көрмесі шақырады

Ұлттық музейде көпшілікке танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет» атты көрмесі жалғасып жатыр. Өнерсүйер қауым 19 мамырға дейін барып тамашалай алады.

Бұл көрме қазіргі қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді көркем сурет арқылы жеткізуге арналған. Суреттерде адам мен қоғам арасындағы қарым-қатынас, жалғыздық, ата-ана мен бала байланысының әлсіреуі, технологияға тәуелділік, кредит пен тұрмыстық қиындықтар сияқты өзекті тақырыптар қозғалады. Графикалық стильдің қарапайымдылығы арқылы күрделі мәселелер көрерменге тікелей және әсерлі жеткізілген. Әрбір жұмыс терең ойлануға, өз өміріне сырттан қарауға және қоғамдағы өзгерістерді сезінуге шақырады.blankblankblank

Аңсаған Құрманғазықызы 1979 жылы 12 қыркүйекте Атырау облысы, Миялы ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Алматы қаласындағы көркемсурет колледжін тәмамдап, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында графикалық дизайн мамандығын меңгерді. Суретші шығармашылығы әлеуметтік мәселелерді арқау етеді. Әлеуметтік желілерде кеңінен таралған бұл жұмыстар әлемнің түрлі тілдеріне аударылып, халықаралық аудиторияның назарын аударды. 2014 жылы Астанада басталған «Сөйле, сурет» көрмесі Қазақстанның барлық қалаларын қамтып, кейін шет елдерде жалғасын тапты. Суретшінің туындылары әлемнің 30-дан астам елінде ұсынылды.blankОсы жолғы көрме — суретшінің 200-ші, мерейтойлық көрмесі.