Арқалықта «Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумы басталды

Арқалықта «Таза Қазақстан – Таза бұлақ» республикалық форумы басталды

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен  қалалық мәдениет сарайында өткен  форумға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдері, Республикадағы жоғары оқу орындарының тәрбие істері бойынша құрылым басшылары  қатысты.

Форумның салтанатты ашылуында ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалып, университет тарихы мен бүгінгі тынысы туралы арнайы әзірленген бейнебаян көрсетілді.

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Арқалық қаласы әкімінің орынбасары Абзал Ташимов, ҚР Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ректоры Талғат Ещжанов кіріспе сөз сөйлеп, елімізде мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының ел дамуындағы алар орнының аса маңыздылығына тоқталды.

Пленарлық мәжілісте әлеуметтік тақырыпта жасалған ауқымды баяндамалар тыңдалды.

blank

«Бүгін Арқалық қаласында өте жақсы кездесу болып жатыр. Бүкіл өңірлерді қамтыған үлкен республикалық форум басталды. Оған алыстан ат терлетіп еліміздің барлық жоғары оқу орындарынан тәрбие ісі жөніндегі проректорлар, тәрбие ісі жөніндегі департамент директорлары, басшылары, жастарымыз келіп қатысуда. Бұл форум — біздің болашағымыз үшін жасалған үлкен іс-шара деп ойлаймын. Себебі, қала әкімінен бастап, университет ректоры, министрлік тарапынан мәртебелі өкіл келіп, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев аталарымыздың «Толық адам», «Таза бұлақ», Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Таза Қазақстан» концепцияларын жандандыруда. Жастарымызға тәрбие беретін осындай тәлімдік іс – шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба берсін дейміз», – деген пікірін білдірді Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Әлеуметтік және азаматтық даму департаменті директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Еркебұлан Нұғыманов.

Форум аясында ғылым, білім және қоғамдық бастамаларға үлес қосқан қатысушылар қала әкімі мен университет ректорының алғыс хаттарымен марапатталды.

blank blank

blank blank

Белгілі қолөнер шебері, өлкетанушы, Арқалық қаласының құрметті азаматы, елдің абыз ақсақалы Шөптібай Байділдаұлы жастарға батасын берді.

blank

Пленарлық мәжіліс қорытындысынан соң құрметті қонақтар университеттің жаңа корпусын аралап, білім ордасының инфрақұрылымымен танысты.

blank blank blank blank blank

Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ

Суреттерді түсірген – автор

 

                                                                                                             Арқалық қаласы