«Таза Қазақстан» аясында: Қостанай жолшылары сенбілікке шығып, ағаш отырғызды

«Таза Қазақстан» аясында: Қостанай жолшылары сенбілікке шығып, ағаш отырғызды

Қостанайда «Қажсервис» облыстық филиалының қызметкерлері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсенді қатысты. Барлық жол жөндеу бөлімшелері сенбілікке шығып, туған өлкені абаттандыру мен тазалықты сақтау жолында күш біріктірді.

Экологиялық бастама аясында 100-ге жуық көшет отырғызылды. Жаңа ағаштар жол бойын көріктендіріп қана қоймай, өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға да өз үлесін қосады.

Мұндай шаралар тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастырудың маңызды қадамы.

blank blank blank blank blank blank blank

Бірлескен еңбек, жауапкершілік және жанашырлық — таза әрі жайлы орта қалыптастырудың негізі.