Амангелділік қос спортшы Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

Амангелділік қос спортшы Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

Астана қаласында өткен Азия чемпионатынан Амангелді ауданынан барған екі бірдей спортшы жүлделі орынмен оралды. Аудан әкімі Талғат Карбозов жеңімпаздарды қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

            – Азия чемпионатында намысты қолдан бермей, аудан мерейін үстем еттіңіздер. Алдағы уақытта да топ жарып, жеңіс тұғырынан көріне береді деген сенімдемін. Еліміздің атын асқақтатып, батыр атындағы ауданның атын шығарып жүре беріңіздер. Сіздерге өз атымнан және аудан тұрғындары атынан алғысымды білдіремін. Жеңістеріңіз құтты болсын, – деді аудан әкімі Талғат Тойшыбекұлы.

Қазақстанның әр өңірінен келген балуандардың арасынан басым түсіп, Бекзат Алтынбаева 1 орынды иеленсе, Бекболат Мұқанов 3 орынға табан тіреді.

            – Спортпен 13 жасымнан бастап айналыстым. Қазақ және дзюдо күресінен спорт шеберлігіне үміткермін. Мен күреске қатысқан кезде ауданда тек қазақша күрес үйірмесі болған. Дзюдоға кейіннен бастап дайындады. Екі спорт түрінен Қазақстан Чемпонатына қатысып, қола жүлдегері атандым. Соңғы уақытта самбо күресімен де айналысып, Семей қаласында еліміз бойынша өткен чемпионаттан 3 орынды иеленіп, солай Азия чемпионатына жолдама алдым. Барлығы 30 мемлекеттің балуандары қатысты. Біздің салмақта 21 адам күрестік, – дейді Бекболат Мұқанов.

Айта кету керек, осы жылдың 5 қыркүйек күні самбо күресінен Әлем Чемпионатына жолдама алу үшін Орал қаласында іріктеу өтеді. Бекболат сол жарысқа дайындықты бастап кетті.

Мәдина МЕЙІРІМ,

Аманкелді ауданы

Жаңалықтармен бөлісу