Торғайда «Қазақ күресі» қарқын алды

Торғайда «Қазақ күресі» қарқын алды

Жангелдин ауданында ұлттық «Қазақ күресінен» облыс кубогы жоғары сән — салтанатымен мәреге жетті.

Дүбірлі додада боз кілемге шыққан әр палуан бар күш-жігері мен өнерін салып, нағыз намыс пен қайраттың үлгісін көрсете білді.

Жарыс барысында спортшылар аудан әкімінің орынбасары Еренбол Алматов, спорт бөлімінің басшысы Бағдат Ертасов, «Ұлттық спорт және олимпиадалық емес спорт клубының» басшысы Мылтықбай Абдуаитовтар құттықтап, «Алғыс хат» және төс белгілермен марапаттады. Облыстық «Тобыл – Торғай» тарландары «Қазақ күрес» федерациясының директоры Нұрсұлтан Бақытжанов «Тобыл–Торғай тарландары» атынан ұлттық спортты дамытуға қосқан үлестері үшін Нұрсұлтан Байділдин, Әсет Хамза, Ержан Жақсымбеков, Бақдаулет Ибраш, Ғабділманат Хамзин, Фазылбек Шаимовтарды «Алғыс хат» және төсбелгімен марапаттады.

blank

Сондай — ақ, «Тобыл–Торғай» тарландары клубының қатары жаңа спортшылармен толықты. Палуандар Серікболсын Ахмедияр, Жәнібек Жұмағазин, Жандос Серкеш, Бекзат Жақсылыққа алдағы чемпионаттарға қатысуға арналған жаңа берендер табысталды.

 «Қазақ күресі — қашанда ұлт рухының айнасы болып қала береді. Барша марапат иелерін құттықтаймыз. Палуандарымызға алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз», – дейді жарысты ұйымдастырушылар.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген — Тұрсын Сейіткерей

                                                                                                     Жангелдин  ауданы