Қостанайдағы IQostanay Smart Center алаңында Халықаралық қуыршақ театры күні мен Дүниежүзілік театр күніне арналған «Puppet Live – 2026» театр сыйлығын табыстау салтанаты өтті.
Бұл мәдени іс-шара театр өнерінің маңызын дәріптеп, шығармашылық ұжымдар мен талантты әртістердің еңбегін бағалауға бағытталды.
Театр әртістері мен қонақтарын ерекше атмосфераға бөледі. Театр өнерінің дамуына үлес қосып жүрген әртістер мен мамандарға құрмет көрсетіліп, үздіктер арнайы номинациялар бойынша марапатталды.
Көрермендерге әсерлі концерттік қойылымдар ұсынылды. Сахнада өнер көрсеткен шығармашылық ұжымдар өздерінің үздік нөмірлерін ұсынып, кештің сәнін келтірді.
Құрметті қонақтардың құттықтау сөздері айтылып, театр өнерінің қоғамдағы орны мен маңызы ерекше айтылды.
«Театр болып бүгінгі мерекені жоғары деңгейде атап өтуді жоспарлап, ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі марапаттаудың маңызы әртістерімізге шабыт беру. Халықаралық деңгейде көзге түсіп жүрген әріптестеріміз бар. Өнер адамдары қошеметті жақсы көретін жандар. Сондықтан еңбек бағалану керек. Барша әріптестерімді шын жүректен құттықтай отыра, шығармашылық қуаттарыңыз таусылмасын», – деді театр директоры Төленді Әлғожин.

Кеш көрермендерге ұмытылмас әсер сыйлап, театр әлемінің сиқырлы құдіретін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Бота МАНЕТ
Суреттерді түсірген Василий Васильев
