Қостанай қаласындағы №60 референдум учаскесінде барлығы 1864 азамат тіркелген. Олардың ішінде 13 азамат алғаш рет дауыс беруге қатысып жатыр. Сондай-ақ референдум күні туған күнімен тұспа-тұс келген 10 азамат бар.
Алғаш рет дауыс беріп жатқан азаматтарға арнайы брендтелген сыйлықтар, қалам мен блокноттар табысталды. Учаскеде келушілер үшін буфет ұйымдастырылған.

Дауыс беру таңғы сағат 07:00-де басталып, алғашқы азамат дәл осы уақытта өз дауысын берді.
№60 учаскелік референдум комиссиясының төрағасы Мехрибан Гаджиева учаскеде дауыс беру процесі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатқанын баян етті.

«Біздің учаскеде барлығы 1864 азамат тіркелген. Дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталды. Алғаш рет дауыс беріп жатқан жастарға арнайы сыйлықтар табыстадық. Сондай-ақ азаматтардың қолайлы дауыс беруі үшін буфет ұйымдастырылды. Қазір дауыс беру процесі тыныш әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр», — деді Мехрибан Гаджиева.
