Үкіметте Президенттің тапсырмаларын орындау шаралары қаралды.
Өнімділікті арттырудың негізгі тәсілдері туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев, ҚР ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, «Бәйтерек» ҰИХ басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин, KazFoodProduckts компаниясының бас директоры Әлихан Талғатбек, шыны өндіретін OrdaGlass компаниясының өкілі Ғалымжан Қуатов баяндады.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында заманауи өнеркәсіптің негізін қалыптастыру және өңдеу өнеркәсібін дамыту қажеттігін атап көрсетті. Жалпы ішкі өнім құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі кен өндіруші сектордан асып түсті. Осы қарқынды сақтап қана қоймай, одан әрі еселей түсу керек. Жаңа кластерлерді құру өнімді жоғары деңгейде өңдеу жүйесіне көшуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті Олжас Бектенов.
Биыл өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 4,4%-ға артты. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда біршама жоғары көрсеткіш (2025 жылдың қаңтар айында – 3,7%).
«Экономиканы әртараптандыру және өсім жоспарларын орындау үшін өндірістік қуаттарды арттырып, шикізаттық емес секторда терең өңдеуді дамытатын нақты іс-шаралар қажет. Ең перспективті бағыттарды айқындап, мол өнім беретін әрі экспортқа бағдарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру қажет. Аталған шаралар сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан экономиканың тұрақтылығын күшейтіп, экспорттық әлеуетті арттырады. Сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақмерзімді ұлттық мүдделерге сай келетін заманауи индустриялық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Премьер-министр.