Президент Ұлттық құрылтайда Қазақстанның даму бағдарын сөз етеді

Президент Ұлттық құрылтайда Қазақстанның даму бағдарын сөз етеді

Қызылорда қаласында өтетін жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың қандай тақырыптарда ойын ортаға салатыны белгілі бола бастады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram парақшасында хабарлаған.

– Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады, – деп жазды Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары:

2022 жылы – Ұлытауда;

2023 жылы – Түркістанда;

2024 жылы – Атырауда;

2025 жылы – Бурабайда өтті.

Фото: Нұрболат Нұржаубай