Ауа райының қолайсыздығына байланысты Қостанай қаласында білім беру форматы уақытша өзгертілді.
Ауа температурасы –25 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрге жетуіне байланысты екінші ауысымда оқитын 1–4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.
Бұл туралы Қостанай қалалық білім бөлімі хабарлады. Бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған.
Ата-аналар мен оқушыларға сабақтардың онлайн форматта өткізілетіні ескертіліп, қосымша ақпарат сынып жетекшілері арқылы жеткізілетіні айтылды.
