Мәжіліс Төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Альберт Рау Жітіқара ауданына барды

Мәжіліс Төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Альберт Рау Жітіқара ауданына барды

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Альберт Рау жұмыс сапарымен Жітіқара ауданына келді.Сапар аясында халық үшін маңызды әлеуметтік және өндірістік нысандарды аралап, аудан активімен және тұрғындармен кездесті.
Алдымен Мәжіліс депутаты Жітіқара аудандық ауруханасында болып, онда жүргізіліп жатқан қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Медициналық мекеменің материалдық-техникалық базасы, көрсетілетін қызмет сапасы мен алдағы жоспарлар туралы жауапты тұлғалар баяндама жасады.

Одан кейін Альберт Рау Орталық қалалық қазандыққа барып, «Жітіқаракоммунэнерго» МККбасшылығының ақпаратын тыңдады.

blank

Кездесу барысында 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымының өту барысы, жылу жүйелерінің тұрақты жұмысы және осы жылға жоспарланған жөндеу жұмыстары талқыланды.

blank

blank

blank

Депутат коммуналдық инфрақұрылымның сенімділігі мен тұрғындарды үздіксіз жылумен қамту мәселесіне ерекше назар аударды.

Жұмыс сапарының келесі кезеңінде Мәжіліс депутаты №6697 әскери бөлімінің екінші жеке атқыштар ротасына барды.

blankМұнда әскери қызметшілердің тұрмыстық жағдайымен, қызмет барысымен танысып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әскери бөлімнің рөліне тоқталды.

blank
Сапар аясында Альберт Рау «AMANAT» партиясының Жітіқара аудандық филиалында азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік, инфрақұрылымдық және тұрмыстық мәселелерін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Барлық өтініштер депутаттың жеке бақылауына алынды.

blank

Күннің соңында Мәжіліс депутаты аудан әкімдігінің үлкен залында аудандық мәслихат депутаттарымен, аудан активімен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Альберт Рау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Turkistan» газетіне берген сұхбатындағы негізгі бағыттарғатоқталып, ел дамуының басымдықтары мен алдағы міндеттер жөнінде кеңінен баяндады.

Жиын ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.Жұмыс сапары қорытындысында Мәжіліс депутаты көтерілген мәселелердің барлығы тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе пысықталатынын атап өтті.

Сералы МЫРЗАБАЙ

Фотоны ұсынған партия филиалы

Жітіқара ауданы