Үкімет порттарды, әуежайларды және вокзалдарды жаңғыртуға көшіп жатыр

Үкімет порттарды, әуежайларды және вокзалдарды жаңғыртуға көшіп жатыр

Президенттің көліклогистика саласын дамыту жөніндегі тапсырмалары  Үкімет отырысында сөз болды.

Премьерминистр Олжас Бектенов көліклогистика саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды.

«Көліклогистикалық тораптарды салу, теңіз порттарын, әуежайларды және теміржол вокзалдарын жаңғырту бойынша міндеттер шешілуде. Жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар анықталды. Көлік министрлігі, әкімдіктер мен компаниялар бекітілген іс — шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін«, деп атап өтті Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне цифрлық технологияларды қолдана отырып, жолдардағы және қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөніндегі жұмысты жандандыру, Білім министрлігіне білім беру бағдарламаларына жол қозғалысы ережелерін енгізуді жалғастыру тапсырылды.