Мәжіліс Төрағасының орынбасары келді

Мәжіліс Төрағасының орынбасары келді

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Рау жұмыс сапарымен арнайы Денисов ауданына барды.

Мәжіліс Төрағасының орынбасары Денисов ауданына қарасты Перелески ауылында салынып жатқан жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысымен танысты.

Жұмысты сапалы  жүргізіп, нысанды уақытына сай пайдалануға беру керегін тапсырды. Бүгінде амбулаторияның іргетасы құйылып, қабырғасы біртіндеп қалануда. Құрылыс жоспарға сай жүргізілсе жаңа нысан ауыл тұрғындарының игілігіне қызмет етпек.

Мәжіліс өкілі жергілікті аграрларды да назардан тыс қалдырмады. «AMANAT» партиясының Денисов аудандық филиалында ауыл фермерлерімен жүздесіп, бірқатар тақырыптарды қаузады. Көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді. Шаруалар тарапынан айтылған ұсыныс-тілектер де тыңдалды. Ашық форматтағы кездесуде агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті мәселелері, мемлекеттік қолдау шаралары мен алда келе жатқан көктемгі егіс науқанының жоспары талқыланды.

Қымбат ДОСЖАНОВА

Суреттер «AMANAT» партиясының ҚОФ инстаграм парақшасынан алынды.

Денисов ауданы