Арқалық әкімі ардагерлерді Жаңа жылмен үйлеріне барып құттықтады

Арқалық әкімі ардагерлерді Жаңа жылмен үйлеріне барып құттықтады

Жаңа жыл мерекесіне орай қала әкімі Әмірхан Асанов пен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров қаланың қос ардагерін арнайы үйлеріне барып құттықтап, сый-құрмет көрсетті.

Бүгінгі күні Арқалық қаласы және оған қарасты ауылдық мекендер бойынша бес мыңға тарта ардагерлер тіркелген. Оның отызға жуығы тыл ардагерлері.

Қала басшысы мен ардагерлер басшысы «Арқалық қаласының құрметті азаматы» Иван Баранов пен ауылшаруашылық саласының ардагері Кенжеғали Карбозов ақсақалдардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекелерімен құттықтап, өңірдің дамуы үшін жасаған еңбектеріне алғыстарын білдіріп, жаңа жылдық тілектерін айтып, ардагерлерге жылы лебіздерін білдірді.

Иван Романович ақсақал 1946 жылы Беларусс елінде дүниеге келген. 1963 жылы құрылыс училищесін бітірісімен жолдамамен Арқалыққа келеді.

Алғашында «Торғай алюминстрой» мекемесінде жұмыс істеп, әскерге аттанады.

blank blank

Отан алдындағы борышын өтеп келгеннен кейін елу жылға жақын «Торғай боксит кен» басқармасында жұмыс істеп, қарапайым жұмысшыдан директордың құрылыс жөніндегі орынбасары лауазымына дейін жоғарылайды.

Кенжеғали Карбозов ақсақал 1947 жылы дүние есігін ашқан. Торғай өңірінің қалыптасып, дамуына бір адамдай үлес қосқан азамат. Еңбек жолын ауыл шаруашылығының өркендеуіне арнаған.

blank blank

Экономист сияқты елеулі мамандықты игеріп, ауыл шаруашылығы саласында оның ішінде тікелей кешегі совхоздардың алға басуына аянбай күш салып еңбек еткен. Құдай қосқан қосағымен бірге 8 бала тәрбиелеп өсірген.

blank

Ардагерлер өздерін елеп, ұмытпай келіп құттықтаған ел ағаларына дән ризашылықтарын білдірді.

Асыл қарияларымыздың жүздерін мұң шалмай баянды ғұмыр кеше бергей.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген – автор

 

Арқалық қаласы