Аманкелді ауданында сауда үйі ашылды

Аманкелді ауданында сауда үйі ашылды

Жеке кәсіпкерлер Сүйіндік Қариев  пен Жанна Әлмағанбетованың бастамасымен «Дарина» сауда үйі өз жұмысын бастады.

Дүкеннің ашылу салтанатына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлыбек Әлмағамбетов пен аудан әкімінің орынбасары Абай Шүкенов қатысып, кәсіп иелеріне сәттілік тілеп, жаңа бастаманың берекелі болуына ақжарма тілектерін білдірді.

Ашылған жаңа нысан ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, жұмыссыздық деңгейін азайтуға да өз үлесін қоспақ.

Айта кету керек, кәсіпкер Сүйіндік Қариев – қарапайым еңбек адамы. Бұған дейін жеке қожалығын дөңгелеткен ол бүгінгі күні тынымсыз еңбектің, табандылықтың арқасында осындай жетістікке жетіп отыр.

blank blank

Жаңа сауда орны тұрғындарға күнделікті қажетті азық-түлік пен тұрмыстық тауарларды ұсынып, ел игілігіне ұсынбақ.

Ақбаян Теміржанова

Амангелді ауданы