Арқалықтық жас ақын республикалық айтыста ат оздырды

Арқалықтық жас ақын республикалық айтыста ат оздырды

Шымкентте өткен «Мен елімді жырлаймын» атты республикалық оқушылар айтысында арқалықтық жас ақын, Б.Майлин атындағы №3-ші жалпы білім беретін мектептің 10 — шы сынып оқушысы Нұрислам Рағат бірінші орынға ие болды.

Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрында айтыс өнерін насихаттауға арналған жыр додасына еліміздің 14 өңірінен 16 жас ақын қатысып, бақтарын сынады.

Айтыстың қазылар алқасына «Құрмет» орденінің иегері, филология ғылымдарының кандидаты, республикалық айтыстардың жеңімпазы Серікзат Дүйсенғазы төрағалық етті. Сонымен қатар, қазылар құрамында белгілі айтыскер ақындар: Бекарыс Шойбеков, Жансая Мусина, Өміржан Көпбосынов және Анар Жаппарқұлова болды.

Жыр бәйгесінде жас дарындардың суырыпсалмалық қабілеті мен сөз саптауды терең игеруі көрермендердің де, қазылардың да жоғары бағасына ие болды.

Нәтижесінде, жыр додасының I орыны ( жүлдесі 500 мың теңге) жерлесіміз Нұрислам Рагатқа бұйырды.

Еске сала кетсек, Нұрислам таяуда Астана қаласында өткен «Жасанды инттелект дәуіріндегі — жасампаз жастар» атты республикалық «Қола домбыра — 2025» оқушылар айтысында да бірінші орынды қанжығалаған болатын.

Айтыс Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Жас берен ақын Нұрисламның жетекшісі, туған бауыры, танымал айтыскер ақын Айбар Рағат.

Жас өреннің алда да шығар биіктері мен алар асулары мол болғай!

                                         Мұрат Жүнісұлы                                          Арқалық қаласы