2025 жылғы 7 қазан күні сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Қостанай қаласындағы Кобыланды батыр көшесі, 19/2 мекенжайында орналасқан Патрульдік полиция батальоны аумағында антитеррористік оқу-жаттығу өткізіледі.
Іс-шараны Қостанай облысының терроризмге қарсы жедел штабы ұйымдастырып отыр.
Жаттығудың мақсаты – лаңкестік қауіп төнген жағдайда құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының өзара іс-қимылын пысықтау, сондай-ақ террорлық акт салдарын барынша азайту және жою.
Жаттығу барысында Кобыланды батыр көшесінде қозғалыс шектеледі.
Ұйымдастырушылар тұрғындарды сабыр сақтап, мемлекеттік органдардың ресми ақпараттарына ғана сүйенуге шақырады. Сонымен қатар, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығуға тартылған органдардың заңды талаптарын орындауға өтініш білдіреді.
Қостанай облысының терроризмге қарсы жедел штабы
