Арқалықта ұстаздарды марапаттауға арналған салтанатты кеш өтті

Арқалықта ұстаздарды марапаттауға арналған салтанатты кеш өтті

Білім беру саласының кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтіп, қала әкімі Әмірхан Асанов құттықтау сөз сөйлеп, мерейлі марапаттарды табыс етті.

Жаңалықты жатсынбай қабылдап, шәкіртінің жанына нұр құйып жүрген ұстаздар қауымына деген құттықтауында қала әкімі:

«Педагог — ұлттың болашағын қалыптастыратын тұлға. Президентіміз  Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей ұстаз қоғамдағы ең құрметті мамандық. Мұғалім мәртебесін көтеру басты міндет», – деп атап өтті.

Заман талабына сай жаңашыл әрі кәсіби білікті ұстаздарды даярлау білім беру жүйесінің басты бағыттарының бірі екені айқын. Бұл жұмыс жүйелі түрде жалғасып келеді. Биыл қала бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде 186 педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл мұғалімдердің кәсіби дамуына жасалып отырған нақты қолдаудың көрінісі.

blank blank blank blank blank blank

Мерейлі шақта жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін №7 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ерсін Қоңыршина ҚР Оқу — ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин төсбелгісімен марапатталды.

blank

blank blank blank blank blank blank blank blank blank blank

Облыс әкімінің Құрмет грамотасы Фурманов жалпы білім беретін мектебінің орыс тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлнәр Әбілдина, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған Арқалық арнайы мектеп-интернатының педагогы Жанар Құлмағанбетова, Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебінің директоры Нұрдәулет Ахатов, Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің музыка бөлімінің оқытушысы Маргарита  Тюриковаларға табыс етілді. Сондай – ақ, облыстық мәслихаттың, білім басқармасының, Арқалық қаласы әкімінің Құрмет грамоталары да иелерін көптеп тапты.

Ұлағатты ұстаздар қауымына қалалық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрағасы Алмас Бекин де жылы лебізін білдіріп, марапаттауларды жалғастырды.

Жан тебірентер әсерлі шақта ұмытылмас ұлы тұлғалардың құрметіне ән-күйден шашу шашылды.

Мұрат Жүнісұлы

Суреттерді түсірген  автор

                                                                                                             Арқалық қаласы