Жерлесіміз халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында марапатқа ие болды 

Жерлесіміз халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында марапатқа ие болды 

Дания елінің Хернинг қаласында өткен “EuroSkills Herning 2025” халықаралық кәсіби шеберлік чемпионатында ұлттық құраманың сапында Қостанай автомобиль көлігі колледжінің түлегі Глеб Сауленко қатысып, “Желілік және жүйелік әкімшілендіру” командалық құзыреттілігі бойынша кәсіби шеберлігі үшін медальон иегері атанды.

Құрама келесі құзыреттіліктер бойынша жалпы 7 медальон жеңіп алды: желілік және жүйелік әкімшілендіру (командалық құзыреттілік), мехатроника (командалық құзыреттілік), веб-технологиялар, CAD инженерлік графикасы және графикалық дизайн.

Глебтің тәлімгері – Николай Сергеевич Булат.